KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО: денсаулық сақтау объектілерінің 86%-ы санитарлық талаптарға сай емес

11.04.2023, 13:29 315 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-дағы денсаулық сақтау объектілерінің 86%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ШҚО медициналық ұйымдарының басшыларымен өткізген кеңес барысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның айтуынша, облыста денсаулық сақтау объектілерінің 86%-ы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау нәтижелері бойынша санитарлық қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтінін атап өтті.

- Тексеру нәтижелері бойынша 4 млн теңгеден астам сомаға 573 әкімшілік хаттама жасалды, 148 нұсқама берілді, 27 адам жұмыстан шеттетілді. Сотқа 18 материал берілді. Сонымен қатар елімізде қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, ұлттық күнтізбе шеңберінде тиісті халықты профилактикалық егулермен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді, деді Зәуре Ахметова.

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста тиісті халықты профилактикалық егулермен қамту 96,2%-ды құрады, сонымен қатар бірқатар аудандарда (Алтай, Зайсан, Шемонаиха аудандары және Риддер қаласында) вакцинациялаумен қамту көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ. Бұл жағдай халықтың иммундық емес қабатының жиналуына және өсуіне және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін.

Пациенттерді тасымалдау мақсатында жету қиын аудандар үшін жерүсті көліктерін сатып алу, барлық медицина қызметкерлерін СЖЕ-ға оқыту қажет, сондай-ақ өңірді қаржыландыруды егжей-тегжейлі талдау қажет, деп түйіндеді Ажар Ғиният.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив