KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Денсаулық сақтау саласына 30 млрд тенге бөлінеді – ШҚО

12.04.2023, 17:38 189 Оразай Жеңісұлы

Өткен жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 26 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 3,3 млрд теңгеге медициналық жабдық сатып алынса, 15,7 млрд теңгеге медициналық нысандар салынды. Ал мамандарды оқытуға 0,7 млрд теңге қаражат жұмсалды.
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 30 млрд теңге бөлу көзделген. 144 жабдықты сатып алуға 2,6 млрд теңге, мамандарды оқытуға 0,5 млрд теңге, объектілерді салуға 20 млрд теңге, күрделі жөндеуге 3,2 млрд теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін 6 компьютерлік томограф сатып алу жоспарда бар, – деді облыс әкімі есептік кездесуінде.

Аймақ басшысының айтуынша, аудандық ауруханаларға 3 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ облыс орталығында бірегей гематология орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Ал Риддер қаласында 140 төсектік стационары бар аурухана кешенінің және бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын емхананың құрылысы басталды. Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде 150 адам қабылдайтын емхана салу мәселесі шешілгенін бұған дейін де хабарладық. Жалпы, өңірде ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде 7,9 млрд теңгеге 36 медициналық нысан салу жоспарланған.
Бұдан бөлек, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мақсатында облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының ғимаратын жаңартып, ПЭТ-КТ орнату облыс басшылығының жоспарында бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив