KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Тарбағатайдағы перзентханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

21.04.2023, 18:01 307 Ләззат Қанатқызы

Биыл Тарбағатайда аудандық аурухананың перзентхана бөліміне және аурухана ғимаратының жылу, кәріз, су жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Есептік кезеңде аудандық ауруханада массаж, логопед-дефектолог, ЛОР, реабилитолог, травматолог мамандары өз жұмыстарын бастады. Рентген кабинетінде цифрлық рентген РАСS жүйесі орнатылды, аудиологиялық скрининг аппараты, цифрлық флюороаппараты алынды. Сонымен қатар Инвиво зертханасының кабинеті ашылды. Енді аудан тұрғындары анализдерді тапсыру үшін қалаға бармай, аталмыш зертханаға тапсыруда. Тұғыл амбулаториясына физио және флюорография кабинеттері ашылды, коагулограмма жасау аппараты алынды, – деп атап өтті аудан әкімі.

Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры арқылы аудандағы оңалту орталығы да жабдықталмақ.

– Болашақта аудандық аурухана перзентханасын ІІ дәрежеге жеткізу, яғни жүкті азаматшаларды қалаға сандалтпай, ауылда босануына қолайлы жағдай жасалмақ. Ол үшін медициналық құралдар алынып, дәрігерлер шетелге барып, білімдерін арттырып келді, – дейді Дархан Шомпайұлы.

Ауруханада биыл сервистік ақылы палата ашылған. Алдағы уақытта КТ аппаратын алу да жоспарланып отыр.

Аудан әкімінің айтуынща, бүгінгі күннің өзінде хурургтар көптеген оперативтік емдерді облыс орталығына жібермей, өз деңгейлерінде көрсетіп жатқан көрінеді. Мәселен, биыл алғаш рет наркоз арқылы фиброколоноскопия тексеруі жасап басталып, 85 адам тексеруден өтті. Семей қаласының онкологиялық орталығында жатыр мойыны ауруларына клиникалық кольпоскопия жүргізу бойынша акушер-гинеколог дәрігер біліктілігін арттырған, алдағы уақытта медициналық қызметтің бұл түрі де аудандық ауруханада қолжетімді болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігін айтқан болатын.

– Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды, – деді Президент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив