KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да 83 әскери қызметші өтеусіз қан доноры атанды

21.04.2023, 19:26 249

Ағымдағы жылдың 19 және 20 сәуір күндері «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының» көшпелі бригадасы 6699 әскери бөліміне барды.

Әскери қызметшілер үшін қан орталығына келу жақсы дәстүрге айналған. Жұмысбастылықтарына қарамастан, олар уақыт тауып, үнемі қан тапсырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

  "Донорлық – бұл өзгелердің  атынан жасалатын игілікті іс.  Сіздің берген  қаныңыз – құтқарылғандардың жүрегін тың күшпен соғуға мүмкіндік беретін жаңа ұшқын. Сіздің қаныңыз – үлкен құндылық! Сіз қан тапсыру арқылы науқастарға өмір, қуанышты сәттер сыйлайсыз. Көптеген адамдар өздері бұрын-соңды көрмеген адамдарға – өз еркімен қан берген донорларға өмірімен қарыздар", дейді мамандар.

 

  "Құрметті әскери қызметшілер, сіздерге тапсырған қандарыңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Бар өмірін әскери іске арнап,  елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге рақмет айтамыз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын", – деді әскери қалашыққа барған облыстық қан орталығының ұжымы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив