KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Ұлытауда ауыл тұрғындары алкогольден түбегейлі бас тартты

Фото: шартты сурет

24.04.2023, 10:16 159

Қазақстандағы кезекті ауыл байсалды өмір салтын жариялады. Бұл жолы Жаңаарқа ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдың тұрғындары алкогольден бас тартқандары жөнінде айтып берді.

Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданындағы ауыл тұрғындары үшінші жыл қатарынан алкоголь ішпейді. Құрамында алкоголь бар өнімдер жергілікті дүкендердің сөрелерінен де алынып тасталды. Ауылдық округте тұратын жастар салауатты өмір салтына көшудің бастамашылары болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Біздің ауылдың жастары өте белсенді. Біз бәріміз ішімдік ішуге мүлдем қарсымыз. Тыныш өмірдің демеушісі – алкогольдік ішімдіктердің болмауы, – дейді ауыл тұрғыны Нұрлан Орынбайұлы.

 Ауыл жастары мал өсірумен айналысып, жеке бизнесті дамытып отыр. Қазір ауылда 85 шаруа қожалығы бар.

– Ауылдық округтің құрамына үш ауыл кіреді. Оларда қылмыс азайып, учаскелік полиция іс жүзінде ол жаққа бармайды да. Соңғы жылдары бұл ауылда бірде-бір қылмыс фактісі тіркелген жоқ. Ауыл жастары не өз ісімен, не мал шаруашылығымен айналысады, – дейді учаскелік инспектор Сәкен Картаев.

Солтүстік Қазақстан облысының Ковыльное ауылы да ішімдіктен мүлдем теріс айналған. Бұл қазірдің өзінде алкогольден толықтай бас тартқан аймақтағы үшінші ауыл.

Осы ауылдың игілікті қадамдары еліміздің барлық ауылдарына үлгі болса, құба-құп.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив