KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да көру және есту қабілеті нашар балалар саны артып барады

Шартты сурет

24.04.2023, 16:10 292 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да 2018 жылмен салыстырғанда көру және есту қабілеті нашар балалар саны едәуір артқан.

Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар бұған балалардың күн тәртібінің бұзылуы себеп болып отырғанын атап өтті.

2022 жылы облыс орталығында 0-9 сыныпта оқитын 27 709 бала профилактикалық медициналық тексеруден өткен. Тексеру қорытындысын 2018 жылмен салыстырғанда көру және есту қабілетін нашар, омыртқасында ақауы бар және сколиоз диагнозы қойылған балалар саны артқаны байқалады.

   Атап айтсақ, 2022 жылы 1117 баланың көру қабілеті нашарлаған, ал 2018 жылы 303 бала тіркелген. Ал 2018 жылы есту қабілеті нашар 30-ға жуық бала тіркелсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 213-ке өскен. Сондай-ақ омыртқасында ақауы бар 131 бала тіркеліп, сколиоз диагнозы 108 балаға қойылды, дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар балалардың күн тәртібінің бұзылуы, гаджеттерді, смартфон мен компьютерлерді шектеусіз пайдалану, қозғалыс белсенділігінің төмендеуі мен таза ауаның жеткіліксіздігі, құлаққаптар мен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан пайда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив