KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты ма?

26.04.2023, 22:27 207 ALTAINEWS

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуалдың қорытындысын жариялады.

ШҚО-да ағымдағы жылдың 1 тоқсанында сарып ауруының 9 жағдайы тіркелді. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 4,5 есе артық. Аталмыш ауру 5 ауданда тіркелген, атап айтқанда, Зайсан ауданында – 3 жағдай, Тарбағатай ауданы мен Өскемен қаласында 2 жағдайдан, Күршім және Ұлан аудандарында 1 жағдайдан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сарыпты жұқтырудың негізгі көзі жануарлардан болып отырған көрінеді.

 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 2836 адам жоспарланып, 466 адам сарыпқа тексерілді. Қалған контингентті зерттеу сәуір, мамыр айларында, сондай-ақ 2023 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған, дейді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Ал облыста құтырма бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп сипатталады.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасында адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Шығыс Қазақстан облысында эпизоотиялық қолайсыздық Алтай ауданының 1 ошағында анықталды.

 Сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелеріне жануарлардың тістеуінен, тырнауынан және сілекейленуінен зардап шеккен 373 адам медициналық көмекке жүгінді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 50,3 құрады. Барлығына антирабиялық егу курсы тағайындалды, 1 жағдайда зардап шеккен иммундаудан бас тартты (Глубокое ауданында аллергиялық реакцияға байланысты м/о), деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

2022 жылы жарақат алғандардың 80,4%-ы ит тістеуінен болса, биыл 270 жағдай, яғни 72,4%-ы ит тістеуінен, түлкі мен қасқырдан – 1, жылқы мен қояннан 2 адам зардап шеккен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив