KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
447.4 477.55 4.76

ШҚО-ға мамырдың соңында медициналық пойыз келеді

10.05.2023, 21:35 270 Ләззат Қанатқызы

Мамырдың соңынан бастап облыстың шалғай аудан тұрғындары медициналық тексеруден өтіп, білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады.

"Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы заманауи диагностикалық жабдықтармен, шағын зертханамен жабдықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тұрғындарды терапевт, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және психолог мамандар қабылдайтын болады.

Медициналық пойыздың жүру кестесі төмендегідей:

Тишинская - 27 мамырдан 28 мамырға дейін;

Ермаковка - 29 мамыр;

Тау самалы – 29 мамырдан 31 мамырға дейін;

Алтай - 31 мамырдан 2 маусымға дейін;

Күмістау - 2-4 маусым аралығында.

Айта кетейік, биыл жобаға медиаторлар мен заңгерлер алғаш рет медиативтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін тартылған болатын. Бұдан басқа, кез келген адам мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік заңнамадағы өзгерістер мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив