KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 4 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Алтай ауданындағы ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіледі

Шартты сурет

19.05.2023, 12:02 362 ALTAINEWS

Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы биыл күрделі жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ миллиардтан астам қаржы бөлініп, заманауи жабдықтармен жабдықталмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 40-тан астам жаңа техника сатып алынады. Ол үшін бюджеттен миллиардтан астам қаржы бөлінген.

Клиниканың бас дәрігері Олжас Нұрекенов ауданаралық көпсалалы аурухана деңгейіне дейін жаңарту жоспарланып отырғанын атап өтті. Яғни, ол қызмет көрсету сапасын арттырады.

– Бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізе отырып, жұмыс істеу, емдеу сапасын арттырып, медициналық кадрларды жұмысқа тартамыз. Сондай-ақ мамандарды шетелде оқыту да жоспарда бар, – деді ол.

Биыл аудандағы сонолог, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог мамандар шетелде оқып қайтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив