KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
445.66 474.58 4.78

ШҚО-да 1 адамнан кене вирустық энцефалиті анықталды

19.05.2023, 19:23 426 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да кене вирустық энцефалитінің зертханалық түрде расталған 1 жағдайы тіркелді.

16 мамырдағы жағдай бойынша, облыстың эндемиялық аумақтарында кене шағумен барлығы 1057 адам жүгінген, оның 31%-ы – балалар. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кене шаққан адамдар саны 444 жағдайға азайған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жалпы облыс бойынша кене шаққан 1057 адам жүгінген болса, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 327.

 "Ағымдағы кезеңде облыс аумағында кене вирустық энцефалитінің зертханалық түрде расталған 1 жағдайы тіркелді. Қазір науқас Өскемен қаласының аумағында стационарлық емделуде. Алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 1016 адам алды, қалғандары кеш мерзімде медициналық көмекке жүгінуге, медициналық көрсетілімдерге байланысты алмаған", деді ШҚО СЭБД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде.

Өңірде кене энцефалитінің табиғи ошағы Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив