KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2,9 м/с, СБ
444.22 476.38 4.82

Кене шаққанда не істеу керек?

шартты сурет

21.05.2023, 10:49 600 Оразай Жеңісұлы

Кене мамыр-маусым айларында көбейеді. Көзге көріне қоймайды, шөпте, бұталарда жүреді. Кене шақса, адам организміне инфекция түсуі мүмкін. Кене шаққанда не істеу керек? Мамандар кеңесін ұсынамыз.

Теріге жабысып тұрған кенені қалай алады?

Орманды-далалы жерде демалуды жоспарласаңыз, кене шаққанда алғашқы көмек беру әдістерін білу қажет. Бірінші ескеретін жайт сол, кененің шаққаны бірден байқалмайды.

Себебі кене шаққан орнына ауыртпайтын зат бөледі. Жайсыздық кейін басталады.

Кене шағып алған кезде қалаға жақын маңда болсаңыз, шұғыл жарақат пунктіне жүгіріңіз. Мамандар кенені артық қауіп-қатерсіз алып тастайды. Оны теріден алу оңай емес. Сондықтан байбалам салмай, бәрін жүйелі түрде істеу керек.

  • Кенені шығару үшін кәдімгі жіпті пайдалануға болады. Ол үшін жәндікті жіппен аса мұқият екі айналыммен ораңыз. Пайда болған ілгекті кененің мойнына байлап, жіптің шеттерін бір-біріне жалғап, екі саусақпен айналдыру керек. Асығып, шалт қимылдауға болмайды. Бұл – ең қауіпсіз амал.
  • Жіп болмаса, кенені қысқышпен алуға болады.
  • Кенені шығарғаннан кейін шаққан жерге спирт, зеленка немесе йод жағып қойыңыз. Содан соң қолыңызды жақсылап жуыңыз.
  • Шығарылған кенені суы бар жабық әйнек ыдысқа салып, зертханаға талдау жасауға апару қажет.
  • Кенені ешқашан қолмен алмаңыз. Мұндайда оның басы денесінен бөлініп кетуі мүмкін. Кененің басы денесінен бөлек қозғала береді.

Кене көбіне қайда жүреді?

Кене ағашта, бұтада болады. Олар көбейетін мамыр-маусым айларында саяжайдағы шөпті шауып тастаған дұрыс. Қалың нудың ішіне кірмеңіз. Кенені уақытында көру үшін үсті-басыңызды үнемі тексеріп отырыңыз.

Кене денеге бірден жабыспайды, әуелі қан тамырларына жақын орынды іздейді. Сондықтан өзіңіздің және басқалардың үстін қарап, киімде өрмелеп жүрген кенені ұстап үлгеруге болады.

Көкке шығып келген соң киімдерді мұқият қараңыз. Кене киім қыртысында жүруі мүмкін. Киімді тексеру – профилактиканың ең маңыздысы.

Бұл айтылғандар жануарларға да қатысты. Олардың түгіндегі кене көзге көріне қоймайды. Ит пен мысықтың да үсті-басын міндетті түрде тексеру керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив