KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Pfizer вакцинасының екі дозасы омикронға қарсы 70 пайызға тиімді - ғалымдар

15.12.2021, 16:49 139

Зерттеу нәтижелері Pfizer/BioNTech вакцинасының екі дозасы омикрон штамының ауыр жағдайларына қарсы 70 пайызға тиімді екенін көрсетті, - деп хабарлайды РИА Новости сайты.

"Pfizer/BioNTech препаратының екі дозасы ауруханаға жатқызуды қажет ететін COVID-19-дың ауыр дәрежесінен 70 пайыз қорғайды, сондай-ақ, омикрон штамын жұқтырудан 33 пайыз қорғай алады", - делінген Оңтүстік Африканың Discovery Health медициналық сақтандыру компаниясы ғалымдарының зерттеуінде.

Ғалымдар бұл көрсеткіш барлық жас тобы үшін бірдей екенін айтты.

Бұған дейін Оңтүстік Африка ғалымдары омикрон штамына қарсы Pfizer вакцинасының екі дозасы 22,5 пайыз тиімді екенін мәлімдеген еді.

Еске салайық, Қазақстанда Pfizer вакцинасы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтар қалауы бойынша ақылы түрде Pfizer вакцинасының екі дозасын ала алатынын айтқан болатын. Алайда ол ДДСҰ ұсынысы бойынша вакцина алған азаматтарға бір дозасы да жеткілікті екенін мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив