KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жасөспірімдер вакцинациядан кейін кемінде 30 минут медицина қызметкерінің бақылауында болуы тиіс - департамент басшысының орынбасары

10.12.2021, 17:10 90

Қараша айының үшінші онкүндігінен бастап облыста 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды «Комирнати» вакцинасымен иммундау жүріп жатыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирустық инфекцияға қарсы дан қорғану мақсатында 37 782 адам «Комирнати» вакцинасының бірінші дозасын алған, олардың ішінде 34 577-і жасөспірім, 708-і жүкті және 2497-ы бала емізетін әйелдер.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Алин Ғалымбектің айтуынша, аймақта КВИ-ге қарсы вакцинация 253 егу кабинеттерінде жүргізіледі.

- Нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес кез келген егу алдында дәрігер/ фельдшер егілетін баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттық келісімін ресімдеу кезінде қарауы тиіс. Егер науқаста қандай да бір клиникалық бұзылушылықтар байқалса немесе қарсы көрсетілімдер болса (белсенді затқа немесе вакцинаның кез келген компоненттеріне аллергия, 12 жасқа дейін, 16 аптаға дейін жүктілік, полиетиленглюкольге ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдар), онда оған вакцинация тағайындалмайды, - деп хабарлайды ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Алин Ғалымбек.

Қалай болғанда да, жасөспірімдер ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен вакцинацияланады. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, кез келген вакцинациядан бұрын дәрігер, фельдшер аллергиялық немесе созылмалы ауруларды анықтауға көмектесетін медициналық тексеруді (клиникалық тексеру, артериялық қысымды, сатурацияны, температураны өлшеу) жүргізеді, қажет болған жағдайда медициналық қарсылықты рәсімдейді.

- Екпеден кейін жеңіл жағымсыз реакциялар болуы мүмкін. Олар – әлсіздік, температураның көтерілуі және бас ауруы. Сонымен қатар, бір-екі күн инъекция орны ауырсынуы мүмкін. Сондықтан жасөспірімдер вакцинациядан кейін кемінде 30 минут медицина қызметкерінің бақылауында болуы керек. Кейіннен медициналық бақылау келесі 3 күн бойы егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі, - деп қосты маман.

-  12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге вакцинация жүргізу кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет:

- бастапқы кезеңде КВИ-ге қарсы профилактикалық егуді 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялаудан бастау керек;

- келесі кезеңдерде (16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау аяқталғаннан кейін) басқа – 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер рет-ретімен вакцинацияланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив