Өскемен
+10°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

ШҚО-да аудандық ауруханада күрделі ота жасалды

27.11.2021, 01:34 87 0 Мадина Амангелдіқызы

Тарбағатай ауданының ауруханасында заманауи әрі күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ауыл тұрғыны ауруханаға жедел түрде ауыр жарақатпен жеткізілген екен. Пациентке қажетті диагностикалық шаралар жасалғаннан соң, оның оң жақ бұғанасының акромиальді ұшының толық орнынан шығуы деген диагноз қойылған.

- «Ауруханамызда бірінші рет травматологиялық науқасқа заманауи әдіспен оперативтік ем жүргізілді. Ол науқас бізге құлап, жарақат алып түсті. Хирург әріптестерім рентген суретін көрсетіп, оң жақ бұғананың акромиальді ұшының толық орнынан шыққанын анықтады. Операцияға дайындық аяқталғаннан кейін науқасқа заманауи, аз жарақаттаушы, құлыптаушы ілмек тәрізді пластина қою арқылы ота жасалды», — деп бөлісті Тарбағатай ауданының №2 аудандық ауруханасы бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Айта кету керек, бұған дейін мұндай ота түрлерін жасау үшін ауыл жұрты Семейге немесе облыс орталығына баратын. Ал аудандық ауруханаға қабырғасында бұл алғашқы күрделі трамвотологиялық ота екен.

Бұл отаның артықшылығы - науқасқа операциядан кейін гипс салынбайды, металлокострукцияның миграциясы болуының қаупі төмен, отадан кейінгі жара жазылғаннан кейін физикалық жүктеме жасауға шектеу болмайды.

- «Біздің пациентіміз қазір үйіне, күнделікті тірлігіне оралды. Сонымен қатар оның отбасының бюджетіне бұл операция еш салмақ түсірген жоқ, себебі барлығы тегін МӘМС есебінен жүргізілді. Жалпы алдағы уақытта травматологиялық операцияларды өзімізде жасау мақсатында құрал-жабдықтарды толықтыру жоспарлануда», — дейді медициналық мекеменің бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив