KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-дағы диагноздар тізіміне тамақтың күйіп ауруын енгізу туралы шешімді тездетеміз - Экология министрі

28.08.2022, 11:37 113

Облыс орталығында қолайсыз метеожағдай жарияланған күндері тұрғындардан тамағы ауырып қалғаны туралы шағым да көптеп түсе бастайды. 

Тұрғындардың айтуынша, тамақ ауруы да өзгеше, күйіп қалған сияқты сезіледі. Бірақ дәрігерлер ондай ауру белгілері ресми диагноздар тізімінде жоқ екенін айтып, нақты шаралар қолдана аламай жатады. 

Тұрғындар үшін өте өзекті болған жағдайға жергілікті экологтар араласып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне аймақтағы ресми диагноздар тізіміне осы ауруды қосуды ұсынған болатын. 

Кеше ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен кездесуде журналистердің бірі осы жағдайға қатысты сұрақ қойды.

  • - Қазір денсаулық сақтау министрлігінде  осы мәселе қаралып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз шешімді тездету үшін денсаулық сақтау министрлігімен мәселені қосымша пысықтайтын боламыз, - деп уәде берді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ министр облыс орталығының тұрғындары экологияға қатысы бар проблемаларды үнемі көрсетіп отыратынын айтты. Сондықтан, ШҚО әкімдігімен "жол карталары" жасалған. Оның аясында атмосфераға шығарындыларды азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

- Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жоспарлардың одан әрі іске асырылуын бақылауда ұстауға уәде беремін, - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив