KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да МӘМС қаражаты есебінен 32 998 операция жасалды

25.08.2022, 16:19 215

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен 32 998 операция жасалған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Стационарлық көмек мониторингінің қорытындысы туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» ШҚО-дағы филиалының басшысы Ғалымжан Әбілов айтып берді.

– Өңірдегі медициналық ұйымдарда МӘМС қаражаты есебінен 32 998 операция жүргізілген. Соның ішіндегі 184 ота кезінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Науқастарға көрсетілген хирургиялық қызметтің саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өскені байқалады, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Бұған қоса, спикердің сөзіне сүйенсек, алты ай ішінде 515 030 зертханалық зерттеу, 255 065 аспаптық диагностика жүргізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив