KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Халық көп жиналатын орындарда маска киіп жүру керек - ШҚО СЭБД басшысы

18.08.2022, 10:11 134

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы тұрақты түрде «жасыл» аймақта. 01 шілдеден  16 тамызға дейін  облыс аумағында    COVID-19 белгілері бар пневмония жағдайлары тіркелген жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Турдиев Қанат айтты.

-        Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстанда коронавируспен сырқаттанушылық өскен жағдайдағы  шектеу шараларын қайта қарастырды, - деп түсіндірі ол.

Сондай-ақ департамент басшысы облыс тұрғындарына өңірдің жасыл аймақта екеніне қарамастан халық көп жиналатын орындарда, ұйымдасқан ұжымдарда және көліктің барлық түрлерінде маска киіп жүруге кеңес берді.

-        Бүгінгі күні облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде. 2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №25 қаулысына сәйкес қайта ревакцинациялауға жататын адамдар санаты анықталды. Өркениетті елдер арасында қайта ревакцинациялау COVID-19 айналымындағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылды. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, - деді Қанат Абдусалимұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив