Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 29 655 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 828 пациент стационарда, 12 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында 522 адамның жағдайы ауыр, 151 пациенттің жағдайы өте ауыр және 87 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Бір тәулікте 15 қазақстандық коронавирустан, 5 адам коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болды.
Айта кетейік, пандемия басталғалы бері елімізде 3171 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.
Сонымен қатар оқыңыз