KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Шығыс Қазақстанда COVID-19 вакцинациясының екінші кезеңі басталды

5.03.2021, 15:49 196

Вакцинацияның екінші кезеңін жүргізу үшін коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" препаратының 6700 дозасы алынды.
Бірінші кезеңде коронавирусқа қарсы күреске тікелей қатысатын 1300 медицина қызметкері вакцинацияланды. Осыдан кейін, 22 ақпанда дәрігерлер ревакцинациядан өте бастады.
Бүгін, 5 наурызда облыста COVID-19 қа қарсы вакцинациясының екінші кезеңі басталды. Осы уақытта пандемиямен күресте алдыңғы қатарда болмаған басқа дәрігерлер КВИГЕ қарсы вакцина алады. Сондай-ақ, наурыз айының соңына дейін мұғалімдер мен полицейлер вакцинацияны бастайды.
Осы мақсатта "Спутник V" вакцинасының 6700 дозасы алынды. Препарат Шығыс Қазақстанның вакцинациялауға жұмылдырылған 47 емдеу мекемесіне таратылды.

- Иммундау өтетін әрбір емханада вакцинациялау үшін жеке кабинет жабдықталған, кабинетте дәрігер, вакцинатор медбике және тіркеуші медбике бар. Сонымен қатар, жеке кабинет қарастырылған, онда вакцина алғандар 30 минут бойы бақылауда болады, – деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасында. 

Вакцинаның бірінші компонентін алғандар тізімінде облыстық қан орталығының сапаны бақылау бөлімінің зертхана маманы Светлана Павлицкая бар. Светлана Викторовна коронавирусқа қарсы вакцинация пандемиямен күресудің жалғыз сенімді әдісі екенін айтады.

- Вакциналар түрлі аурулармен күресудің күшті әдісі болып табылады. Бізге ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Біз әр түрлі шектеулерден шаршадық, мен қарапайым өмірге тез оралғым келеді. Менің ұлым қазір басқа елде, мен оны бір жылдан астам уақыт көрмедім. Сондықтан коронавирусқа қарсы вакцинациядан қорқудың қажеті жоқ деп айтқым келеді, бұл әдеттегі рәсім, – деді Светлана Павлицкая.

«Екпеден бас тартудың қажеті жоқ», - дейді коронавируспен ауырғандар. Уақыт өте келе COVID-19 антиденелерінің саны азаяды, сондықтан қайта жұқтыру қаупі бар. Қауіпсіз болу және күшті иммунитетті қамтамасыз ету пайдалы болады. Мұнымен облыстық оңалту орталығының неврология бөлімінің меңгерушісі Сергей Кулиниченко да келіседі.

– Мен шілде айында коронавируспен ауырдым, және тағы да ауырғанымды қаламас едім. Вакцинадан кейін күшті иммунитет қалыптасады. Вакцинаның бірінші компоненті антиденелердің көлемін шығарады, ал екінші компонент әсерді күшейтеді. Онда қауіпті әсер жоқ. Медицина қызметкерлері барлық іс-қимыл алгоритмдерін біледі, - дейді Сергей Константинович.

Вакцинацияның басталуына қарамастан, мамандар сақтық шараларын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің талаптарын сақтауға шақырады. Өйткені, вакцинация қауіпті вируспен күресудің бір жолы ғана.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив