KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да әрбір бесінші азаматтың медициналық сақтандыру қоры жоқ

30.01.2021, 10:17 315

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының 1,37 млн.тұрғынының 1,1 млн. тұрғыны сақтандырылған. Алайда, 250 мың адам әлі де сақтандырылмаған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбіловтың қатысуымен өткен брифинг барысында белгілі болды.
Шығыс Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің бірінші жылының қорытындысы шығарылды. 128 млрд. теңгеден астам қаржыны (ТМККК шеңберінде – 93 347 млн. теңге және МӘМС – 34 717 млн. теңге) қордың 2020 жылға арналған нақтыланған бюджеті құрады. Бұл қаражатқа тәулік бойы стационарда 167 мыңға жуық пациент емделді, оның ішінде 315 пациентке жоғары технологиялық қызмет көрсетілді. 65 мыңнан астам пациент стационарды алмастыратын көмек аясында емделді.
МӘМС енгізудің арқасында бұрын ақылы болған бірқатар қызметтер тегін әрі қолжетімді болды. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қызметтері, қымбат консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша өсу байқалады КТ 2019 жылы – 6640 және 2020 жылы – 10 552 қызмет (58,9% – ға өсу), МРТ 2019 жылы – 4080 және 2020 жылы-6843 қызмет (67,8% - ға өсу); сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек үшін, мысалы 2020 жылы 315 пациент қызмет алды (59% - ға өсу).%, 2019 жылмен салыстырғанда - 128 пациент), - деп хабарлады әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.
Кардиологиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, урологиялық 5 бағыт бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек қызметтері де дамыды. Бұл аритмияға арналған электронды блокты имплантациялау, жүрек және тамыр операциялары, аорта және митральды қақпақшаны ашық ауыстыру, коронарлық айналып өту, ми тамырларына операция жасау, каротид артерияларын стенттеу, уретральды стеноз операциялары, жамбас, тізе ревизиясы, сондай-ақ ЭКҰ сияқты күрделі операциялар сақтандырылған азаматтар үшін ақысыз қол жетімді болды дегенді білдіреді.
Сондай-ақ, филиал директоры өз сөзінде ҚР-да COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 23 314,3 млн.теңге, пациенттерді стационарда емдеуге-8 912,7 млн. теңге; көтермелеуге – 11 426,8 млн. теңге; ПТР зерттеуге – 2201,2 млн. теңге; мобильді бригадаларға – 745,2 млн. теңге; үйдегі стационарларға – 28,4 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. КВИ инфекциялық бөлімшелерінде 10 227 науқас емделді.
Осылайша, өткен жылы Қор филиалы жоспарланған медициналық көмек көлеміне өтінім берген 104 медициналық ұйыммен шарт жасады. Оның ішінде - 42 жекеменшік, 62-мемлекеттік.
Қор филиалының ақпараты бойынша, азаматтарға ыңғайлы болу үшін кері байланыстың түрлі арналарын ұсыну жұмыстары жүргізілуде. «Qoldau» 247 мобильді қосымшасы іске асырылды және сәтті жұмыс істеуде, оның көмегімен әрбір адам кеңес алуға, мәртебесін тексеруге, шағым беруге, уақытша сақтандыру мәртебесін алуға өтініш білдіре алады.
Пациенттер Қордың Шығыс Қазақстан облыстық филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау кабинетіне жүгіне алады. МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесін (сақтандырылу мәртебесін) қор сайтында (fms.kz) плагинді пайдалану арқылы, телеграм-бот (https://t.me/SaqtandyryBot) арқылы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы, egov.kz порталы арқылы немесе қордың 1406 колл-орталығы арқылы анықтай болады",-деді Әбілов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив