KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Пневмониядан кейін қалпына келе алмай жатыр. Асанәліге көмек керек!

27.12.2020, 15:55 46

Бір жыл бұрын пневмонияға шалдығып, бір ай жансақтау бөлмесінде жатып шыққан Асанәлі Серіков әлі күнге өмір мен өлімнің ортасында арпалысып жатыр.

"Ол рефлекторлы түрде көзін ашып оянады. Өзіне бағытталған дауыстарға көзін ашып реакция білдіргісі келеді. Ақырындап дыбыс шығарады. Сондықтан жазылуына мүмкіндік бар болып тұр", дейді анасы Арайгүл Елдосова. Дәрігерлердің қойған диагнозы - вегетативті хәл (вегетативное состояние).

Асанәлі Серіков Тарбағатай ауданы Жамбыл ауылынан. Балақай ауруға шалдыққанға дейін белсенді қозғалып, балабақшаға барып шапқылап жүрген.

 

- Баламды шетелде емдетіп, оңалту шарасынан өткізу керек. Біздің елдегі дәрігерлер қолдарынан келмейтінін айтты. Түркиядағы ми ауруларын емдейтін емхана емдеуге дайын. Бірақ емдеу шарасына - 21835 доллар қаражат керек болып тұр. Бұл сома - барып-қайту жолақысы мен өзге шығындардан бөлек. Мұнша ақшаны өзіміз жинай алмаймыз, ал емдеуді кешіктіруге болмайды, - дейді Арайгүл Елдосова.

 

Оның айтуынша, баланы қазір өзі үйде бағып отыр. Арайгүлдің Асанәліден басқа тағы да екі баласы бар.

 

- Ауыр хәлдегі өз балаңа қарау өте қиын. Жүрегің езіледі. Баламның мықты екенін, жеңіп шығатынына сенемін. Оған тек көмек керек. Қайырымды жандар баламның қайтадан күліп-ойнап жүруіне мүмкіндік береді, көмектеседі деп үміттенемін. Өтініш, көмектесіңіздерші, - дейді Арайгүл Елдосова.

 

Баланың қазіргі жағдайы туралы арнайы ашылған инстаграм парақша мен анасының парақшасынан көріп танысуға болады (pomogite_asanali, araika.0589). Парақшаны тарату, атымтай азаматтарға жеткізу де зор көмек.

Жаңа жылда ғажайыптар болатынына біз бәріміз сенеміз.

 

Kaspi Gold нөмірі: 8-778-739-16-89;

Kaspi-терминал (Gold): ИИН 890 501 401 170;

Халық банк: 5354 5100 7026 6647;

Сбербанк: 4263 4333 0658 5545;

Кz34914СР39834752711;

QIWI-кошелек: 8-778-739-16-89.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив