Ғасыр жасаған майдангер

Бейбіт күн үшін соғыста кеудесін от пен оққа тосқан ардагерлер қай кезде болмасын ардақты. Олардың ерлігі мен ел үшін жасаған еңбегі ұмытылмайды.
Солардың бірі ауданымызда тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагерлері – миномет батальонының қатардағы жауынгер Максимов Иван Сергеевич 20.12.1922ж.т және артеллерист аға сержант Сопруненко Владимер Викторович 27.07.1927 ж.т
Тұтас бір ғасыр жасаған ардагерлерімізді Өскемен гарнизонының Әскери полиция бөлімінің әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Кошкаров Айдын Сағатбекұлы мен Өскемен гарнизонының Әскери полиция бөлімінің (штаттан тыс тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) капитан Кайырбаев Жандос Куатбекұлы және Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері әділет аға лейтенанты Нургаламбаев Ғани Тлеубекұлы мереке қарсанында құттықтады.
Құттықтаған ардагерлердің жастары 100 бен 95 жасқа толғанына қарамастан тың көрінеді, әрі соғыс жайлы естеліктерін өзі ретімен айтып бергенде жадының мықтылығы байқалды.
- Еш адам біздің көргенімізді көрмесін. Жастарға айтарым – заман сіздікі. Азаттық егемендіктің, тыныштықтың қадірін біліңіздер. Бәрін жеңетін - біліммен еңбек. Жастар оқысын, білімді болсын, елін дамытсын! - деп сөзін аяқтады ғасыр жасаған қария.