Өскемен
-8°
облачно с прояснениями ветер 5 м/с, З
460.79 490.51 6.02

Неміс әскерінің үш қарсы шабуылына жалғыз тойтарыс берген жерлесіміз

10.05.2021, 11:56 43 0 Мадина Амангелдіқызы

Селимхан Күзекпаев – Ұлы Отан соғысының ардагері. 1922 жылы Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Ол туралы естелікпен қызы Зергүл Селимхан бөлісіп отыр.

Катонқарағайлық майдангер соғысқа 1941 жылы бірінші күннен бастап 1945 жылға дейін қатысып, Жеңісті қарсы алған. Орталық Беларусь майданында 275-ші танкіге қарсы жойғыш артиллериялық полкінде шайқасты. Гвардияда медициналық қызметтің старшинасы болған.

Әскери жолдастарымен бірге рация ұстаған неміс солдаттарын ұстап, тұтқынға алғаны үшін "Қызыл жұлдыз" және екінші деңгейлі "Суворов" Ордендерімен марапатталды.

1944 жылы 26 тамызда Кликов ауданында болған шайқаста Селимхан Күзекпаев жаралы жауынгерлерді ұрыс алаңынан алып шығып, неміс әскерінің үш қарсы шабуылына тойтарыс берген. Екі бронекөлік пен қарсыластардың екі взводы жартылай жойылды. Осы ерлігі үшін үшінші дейгелі "Даңқ" Орденімен марапатталды. Одан бөлек алған марапаттары: "За боевые заслуги", "За отвагу", "За освобождение Варшавы ", "За взятие Берлина", "За Победу над Германией в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг" медальдары және мерейтойлық медальдар.

Қан төгіс шайқастардың бірінде сол аяғынан ауыр жарақат алып, екі тәулік бойы ұрыс алаңында қалып қойған. Соғыстан қайтқаннан кейін туған ауылына оралып, әр жылдары совхозда есепші, атшы, күзетші болып жұмыс істейді. Өмірінің соңғы жылдарында майданда жүріп шалдыққан тыныс демікпесі асқынып, 1981 жылы 18 ақпанда дүние салды.

WhatsApp Image 2021-05-09 at 21.52.13.jpeg

 WhatsApp Image 2021-05-09 at 21.52.12.jpeg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив