Өскемен
+8°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
458.87 493.84 6

Шығыстан шыққан батыр қыз Баян

10.05.2021, 11:19 52 0 Мадина Амангелдіқызы

Соғысқа қатысқан қазақ қыздары дегенде ойға бірден Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспановалар оралады. Алайда Германияға дейін жетіп, Гиденбург қаласының түбіндегі шайқаста ерлікпен қазақ тапқан тағы бір қайсар қызымыздың есімі жиі айтылмай жүр. Ол – Шығыс Қазақстаннан шыққан батыр қыз Баян Байғожина.

Баян Байғожина 1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Арқат ауылында туған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда өз еркімен майданға аттанады. Белорусь, Литва, Польша, Германия жерлерін азат ету ұрыстарына қатысқан. 1945 жылы 27 сәуірде Гиденбург қаласы үшін болған ұрыста 15 фашисті құртып, ерлікпен қаза табады.

Ерліктері үшін Баян Байғожина Қызыл Жұлдыз, 2,3-дәрежелі "Данқ" ордендерімен, "Жауынгерлік ерлігі" үшін медалімен марапатталған. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

Ефрейтор Байғожинаның ерлік өмірі туралы әскери тілші П.Кузнецов 1945 жылы "Комсомольская правда" газетінде "Шыңғыстаудың Баяны" деген мақаласын жариялады. "Алматыдан Берлинге дейін" атты кітабында да Баянның есімін тағы бір мәрте құрметпен еске алған. Журналист Қ. Молдақашев "Баян" атты поэмасын жазды. Сондай-ақ, Қарауыл ауылындағы бір көшеге Баянның есімі берілген.

о баян.jpg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив