Өскемен
+10°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Маршал Георгий Жуковтың әскерінде шайқасқан катонқарағайлық майдангер

9.05.2021, 20:21 35 0 Мадина Амангелдіқызы


  Ахмет Тайсаринов – Ұлты Отан соғысының ардагері. 1906 жылы Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының маршалы Георгий Жуковтың әскерінде жауға қарсы шайқасты.

1944 жылы ақпан айында Смоленск түбіндегі қан төгіс шайқаста ауыр жарақат алып, өлген жауынгерлердің арасында ес-түссіз жатып қалған екен. Жаралыларды іздеп жүрген санитарлар оны алғашында, тіпті, тірі деп ойламаған. Жарақаты аса ауыр болған: оң жақ иығы мен санын снарядтың оғы жұлып кетіпті. Оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, ұшақпен Орехово-Зуеводағы әскери госпитальға жібереді. Сол госпитальда майдангер ақпан айынан тамызға дейін жатып, ақыры Катонқарағайға оралады.

Ахмет Тайсаринов осы ауыр жарақатынан кейін ұзақ уақыт қалпына келе алмаған. Кейін "Алтай" совхозына жұмысқа кіреді. Қара жұмысшы да, атшы да болып, шабындықта да еңбектенген.

1994 жылы 8 мамырда 88 жасында дүние салып, Солоновка ауылында жерленді.

Соғыстағы ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының 1-ші деңгейлі орденімен және медальдарімен марапатталған.


WhatsApp Image 2021-05-09 at 16.33.32.jpeg


WhatsApp Image 2021-05-09 at 16.30.31.jpeg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив