Мәншүктің соңғы хаты: «Мен қашан да тірі жүрем, əпкетай...»

Соғыс басталғанда Мəншүк небəрі 18 жаста еді, сол себепті оның майданға қатысамын деген өтініші қанағаттандырылмады. Майданның басталғанына бір жыл болды. Ал Мəншүк оқуын жалғастыра берді. Уақытын босқа жұмсамай, əскери дайындық оқуларына үзбей қатысты. Қарудың барлық түрлерінен кілең үздік бағаларға ие болды. Сонымен қатар ол медбикелер курсын тəмамдап, туған институтының қабырғасында оқ ату дағдыларын жетілдірді.
1942 жылдың 13 тамыз Алматы қаласынан қазақ жауынгерлерінен құралған 102 атқыштар бригадасы майданға аттанды. Олардың қатарына екі қазақ қызы: М. Сарлыбаева жəне М. Мəметова дəрігер ретінде қосылды. Мəншүк əкесі сыйға тартқан дүрбіні өзімен бірге алып кетті...
Əскердің қиындығын Мəншүк ерлермен қатар көрді: жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну орманды өтті, пулемет атып үйренді. 21 – гвардиялық атқыштар дивизиясының еңжақсы пулеметатқышыатағынаиеболды. 1943 жылдың 15-қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды.
Сол соғыста Мəншүктің басына оқ тиді... Соңғы күшін жинап, Мəншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Кеудесінен жан шыққан қыз пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Қан майданда Мəншүк ерлікпен қаза тапты.
Соғыстың өтінде жүрген М.Мəметованың сағынышқа толы соңғы хаты:
"Ардақты апа! Ұзақ күттірген хатыңыз бен сəлемдемеңізді алғы шепке бет алған күні, сол сəтте, сол сағатта алдым. Қолыма бір алма тисе де қуанышымда шек болмады. Əпкетай, жеміс жидек жемегелі, үйдің тамағының дəмін татпағалы екі жыл болды. Қазір қолыма пулемет ұстап, алғы шепте жүрмін. Əпкетай, біз əлі күннің шуағын көрген жоқпыз. Күн суық. Толассыз жаңбыр жауып тұр. Шынымды айтсам, сендер жылы киім салып жібере ме деп күткен едім. Штабта жүрген кезімде жылы киімнің қажеті жоқ еді. Ал қазір мен саптамын. Сондықтан тоңып жүргенім рас. Маған жиі – жиі хат жазып тұрыңызшы. Менен хат күтпеңіздер, себебі қазір тағы мекенжайымды өзгерттім. Бірақ менің амандығымды ойлап, уайымдай бермеңіз. Мен əрқашанда аман - сау жүре берем. Бойыма бір де бір неміс оғы дарымайды. Тек сіз жиі хат жазып тұрсаңыз болды. Енді суретімді салып жіберейін. Қысты күні партия құжатына арнайы түскен едім. Бəріне сəлем айтыңыз, қолыңызды қатты қатты қыстым. Бетіңізден көп-көп сүйдім. Сіздің Мəншүгіңіз. Сізден сурет күтем".