Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,6 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

8 қап марихуана: ШҚО-да тағы бір тұрғын ұсталды

22.11.2022, 09:30 148 0 Оразай Жеңісұлы

Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылының тұрғыны есірткі сақтағады деген күдікпен ұсталды.

Тәртіп сақшылары күдіктінің үйін тінтіп, 8 қап өткір иісті өсімдік тектес зат тәркіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сот-химиялық сараптамадан кейін тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені нақты болды.

«Салмағы он келіден асады. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Облыс аумағында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив