KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

ШҚО тұрғыны танысынан 100 кг-дан астам түсті металл ұрлап кеткен

9.02.2023, 10:28 2 761 Ләззат Қанатқызы

Шемонаиха аудандық полиция бөлімшесіне 54 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген.

Оның айтуынша, өткен жылдың қараша айында өінің танысы оны тонап кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ол үйдің ауласында орналасқан шаруашылық жайдан түсті металдарды ұрлап кеткен. Атап айтқанда, 50 кг мыс, 25 кг алюминий және шамамен 30 кг қола қолды болған. Жалпы шығын 275 000 теңгеге бағаланды.

- Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ауданның криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қысқа мерзімде қолға түсірген.  Ол 40 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп,  жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Алайда, ұрланған заттарды қайтару мүмкін болмады, өйткені күдікті металдың соңғы граммына дейін қабылдау пунктіне тапсырған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив