KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО полицейлері астаналық курьерді қолға түсірді

Фото: ШҚО ПД

29.05.2023, 10:14 2 956

Өскеменде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілмен таратқан 26 жасар елорда тұрғынын ұстады.

Ол "тауарды" танымал мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы сатқан,  Altaynews тілшісі.

 Полицейлер ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғанын анықтады. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып кетіп отырған.

Тінту барысында оның жалдамалы пәтерінен жалпы салмағы 500 грамнан асатын психотроптық заттар табылып, тәркіленді.

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив