KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Тағы бір әлеуметтік дүкен ашылды – Күршім

11.07.2022, 12:19 152

Күршім ауылында тұрақтандыру қорының азық-түлік өнімдерін саудалайтын дүңгіршек ашылды.

15-20 пайыз үстеме бағамен сатылатын азық-түлік пен жеміс-жидек бағасы басқа дүкендерден әлде қайда арзан. Сол себепті дүкен алдында кезек пайда болған.

Әзірге мұнда тұрақтандыру қорының екі түрлі өнімі ғана бар. Олар - сұйық май мен қарақұмық. Оған қосымша арзан бағада жеміс-жидектер де саудаланады.

-  Әлеуметтік тауарлардан май мен қарақұмық қана. Қантты саудалауға біздің ауданға бермей қойды. Тағы жұмыртқа, күріш, макарон өнімдері де болуы керек. Бірақ «Ертіс» ӘКҚ АҚ-ның кейбір қоймалармен келісімшарты аяқталып қойыпты. Енді күзді тосамыз. Дегенме жеміс-жидек, көкеністер де әлеуметтік бағада болады, - дейді кәсіпкер Балжан Бақытбекқызы. 

Расында, басқа дүкендерде картоп 340-350 теңге болса, бұл жерде 240 теңгеден саудаланып жатыр. Қырыққабат 190 тг, чеснок 800тг, алма 550тг, банан 710тг, қияр 230 теңгеден сатылуда. Басқа дүкендерде қияр бағасы 400 теңгенің айналасында. Осыдан-ақ, аудан дүкендеріндегі бағадағы алшақтық бірден байқалады.

Айта кетейік, сондай-ақ, ауылда тұрақтандыру қорының арзан бағадағы қарақұмық, сұйық май өнімдерін кәсіпкер Р. Құдабаева да «Дильназ» дүкенінде де саудалауда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив