Өскемен
-24°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Елімізде пияз бен жұмыртқа қымбаттады, қырыққабат пен картоп арзандады

8.07.2022, 09:54 2 0 Мадина Амангелдіқызы
Өткен аптада және ай басынан бергі кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға 0,2%, ал жыл басынан бері 17,4% өсті. Бұл деректі Ұлттық статистика агенттігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылдық мәнде баға 17,7% қымбаттады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңінен 2,2 пайыздық тармаққа жоғары.Ұлттық статистика агенттігі

Бір апта ішінде қымбаттағаны:

  • пияз – 1,5 %-ға;

жұмыртқа, І санат – 1,2 %-ға.

Бір апта ішінде арзандады:

  • қырыққабат – 6,7%-ға;

  • картоп – 2,6%-ға;

  • сәбіз – 0,4%-ға.

ҚР бойынша кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасы:

  • сары май – 3256 тг/кг;

  • сиыр еті – 2200 тг/кг;

  • сүзбе – 1726 тг/кг;

  • бидай ұны, І сұрып – 220 тг/кг;

  • қарақұмық жармасы – 501 тг/кг.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив