KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

25.05.2022, 11:00 180

Елімізде бизнес ашуға мемлекеттік грант аламын деушілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Досхан Қайырғазинов өтінімдерді іріктеудегі нақты критерийлерді атады.

– Биылдан бастап грантқа 29 жасқа дейінгі жастар мен азаматтардың әлеуметтік осал санаттары ғана үміткер бола алады. Атап айтсақ, АӘК алатын аз қамтылған тұрғындар, көп балалы отбасылар, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарынан, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкенттен ерікті қоныс аударушылар. Төртінші санат – қандастар, – деді Досхан Қайырғазинов.

Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, мұндай қаржылай көмекке мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар үміткер болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауында асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар санаты бар, олар да грант алу құқығына ие.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив