KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

VIІІ облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем-2022» фестивалі өтеді

13.05.2022, 15:24 174

Өтетін орны мен уақыты: 2022 жылғы 13-14 мамыр, Өскемен қаласы.

Сағ.10.00-13.00 - Кәсіби бағдар беру алаңдарының жұмыстары (Н.Назарбаев к-сі 68).

Сағ. 19.00 - Үздік студенттік шығармашылық ұжымдардың Гала-концерті (Н.Назарбаев к-сі 68).

 

Достық үйінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2022 жылғы 14 мамыр Өскемен қаласында VIІІ облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем-2022» фестивалі өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттердің қоғамдағы белсенділігін және мәдени-шығармашылық әлеуетін арттыру, орындаушылық шеберлігін шыңдау, дарынды студенттерді қолдау, облыстағы оқу орындардың кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстарын жандандыру.

Фестиваль сағат 10.00-де Достық үйінің үлкен залында өңірдегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының кәсіби бағдар беру алаңдарының жұмыстарымен басталады.

Осы күні әлеуметтік желіде онлайн дауыс беру арқылы «Жастар таңдауы» аталымы бойынша үздік жоғары оқу орны анықталатын болады.

Іс-шараны сағат 19.00-де Достық үйінің үлкен залында VIІІ облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем-2022» фестивалінің Гала-концерті қорытындылайды.

Үздік студенттік шығармашылық ұжымдар 5 аталым бойынша марапатталады:

-         Техникалық және кәсіптік білім беру арасындағы «Үздік кәсіби алаң»;

-         ЖОО арасындағы «Үздік кәсіби алаң»;

-         Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы «Үздік шығармашылық бағдарлама»;

-         ЖОО арасындағы «Үздік шығармашылық бағдарлама»;

-         «Жастар таңдауы».

Жастардың 25 процентін студент жастар құрайды. Өңірдегі 8 ЖОО мен                             86 колледжде 66 548 студент оқиды.

«Білікті маман» жобасы бойынша, соңғы екі жылда, өңірде тапшы мамандар дайындауға облыс әкімінің арнайы гранттары бөлініп келеді. Осы күні 646 жас грант иегері атанып отыр. Жұмыстың оң нәтиже бүгіннің өзінде көрініс табуда.

Соңғы екі жылда мектеп түлектерінің білім алу үшін шетелге кетуі үш есеге азайды (2016 жылы - 1800 адам, 2018 жылы - 636 адам кеткен).

 

 

Жастар үшін маңызды іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

 

Қосымша ақпараттар үшін: 8-72-32-710-234, 8 747 446 33 98

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив