KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да 152 діни бірлестік жұмыс істейді

26.09.2022, 11:25 100

Қазіргі күні облыс бойынша 12 конфессияны қамтитын 152 діни бірлестік өз қызметін жүзеге асыруда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс және Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Айтқұрман Тұрғанбаев айтты.

Айта кету керек, өңірде қазір 148 ғибадат үйі, 2 намазхана және 15 шіркеу бар.

- Конфессияаралық келісімді нығайту және діни бірлестіктер арасында бейбіт диалогты қамтамасыз ету үшін 2013 жылдан бастап облыстың діни бірлестіктер басшылары клубы жұмыс істейді. Бұл клуб мемлекеттік органдардың әртүрлі діни конфессиялармен өзара іс - қимылы үшін өзіндік диалог алаңы болып табылады және өкілдер арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл мен өзара түсіністік жағдайында дін саласындағы ықтимал қақтығыстардың алдын алуға және проблемалық мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдауға болатынына баса назар аудара отырып құрылды, - деді Айтқұрман Тұрғанбаев.

ШҚО дін істері басқармасы өңірдің діни бірлестіктерімен бірлесіп, дөңгелек үстелдер, семинарлар, қайырымдылық акциялары, экологиялық сенбіліктер, спорттық жарыстар сияқты түрлі іс-шаралар өткізеді.

- Клуб отырыстарында қайырымдылық акцияларын өткізу туралы бірнеше рет шешім қабылданды. Мысалы, Ұлан ауданы Таврия ауылындағы хоспис қонақтарына арналған төсек - орын жабдықтарын, төсек жабдықтарын, кереуеттерді, сондай-ақ Глубокое ауданындағы 70 көп балалы отбасына азық-түлік себеттерін және облыстық балалар үйінің балаларына арналған спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға көмек көрсетілді, - деп хабарлады ол.

Спикердің айтуынша, клубтың бірлескен жұмысының нәтижесінде жыл сайын құқық бұзушылықтар саны азайып келеді.

-Мысалы, 2017 жылы 31 қылмыс тіркелді, 2018 жылы - 13, 2019 жылы - 6, 2020 және 2021 жылдары - бір - бір бұзушылық тіркелді, ал 2022 жылы өңірдің 2 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп толықтырды Тұрғанбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив