KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
448.89 477.93 4.76

Қаңтар оқиғасына қатысқан 72 адам сотталды

14.03.2022, 11:36 175

Қаңтар оқиғасына қатысқан 72 адам сотталды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

«Қазір полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр. Мемлекет басшысы жазаны жеңілдететін жағдайларды ескеруді тапсырды. Сондықтан осы 400-ден аса күдіктінің ішінен 219-ы қамаудан босатылды. Ал, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда», - деді министр. Оның дерегінше, тергеу барысында 12 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. 2 мыңдай сараптама тағайындалды. «Ұрланған мүліктің көп бөлігі. Бүгінгі таңда 229 айыпталушыға қатысты іс сотқа жолданды. Қазірдің өзінде 72 адам сотталды. Оның бесеуі бас бостандығынан айырылды. Қалғандары басқа жазаларына тартылды»,- деді Марат Ахметжанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив