KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

28.01.2022, 16:28 253
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Серік Жүнісбеков тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
 ІІМ басшысы ПД жеке құрамына жаңа бастықты таныстырды. Серік Тұрсынәліұлы Жүнісбеков 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Қызметін Жамбыл облысы ІІБ 2-ші полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастады. Әр түрлі басшылық қызметтерде, соның ішінде Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары, М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Академиясы бастығының орынбасары, Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2021 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив