Өскемен
-5°
небольшой снег ветер 0,7 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

ШҚО-да мектептегі түскі астың құнын төмендету мәселесі қаралды

Шартты сурет

1.10.2022, 16:54 13 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің жуырдағы отырысында мектептегі  түскі астың құнын қалай төмендетуге және оқушылардың тамақтану сапасын арттыруға болатынын шешті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ШҚО прокуратурасының 3-ші басқармасының бастығы Жандос Қоңыров сараптамалық кеңестің алдында халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы оқушылардың тамақтануына бөлінетін ағымдағы соманың жеткіліктігі бойынша мәселесін көтерді. Азық-түлік бағасы өсуде, бірақ асханаларды жалға алушылар балаларды осы жылдың басындағы баға бойынша тамақтандырып отыр.

Өңір мектептеріндегі тамақтану пункттері мен асханаларын жалға алушылардың айтуынша, қаңтар айында әкімдік олармен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттарын жасасқан, онда балаларға арналған ыстық түскі астың құны429 теңге мөлшерінде  нақты көрсетілген. Алайда, азық-түлік бағасы жыл басынан бері 16% - ға өсті, ал жекелеген позициялар бойынша одан да көп.

Азық-түлік сатып алу шығындарын азайту үшін кәсіпкерлер тұрақтандыру қорынан сатып алуды ұсынады, бұл делдалдарды жеткізу тізбегінен алып тастауға және бағаны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, болашақта жергілікті тауар өндірушілермен мектеп асханаларына әлеуметтік бағамен өнімді тұрақты түрде сатып алу туралы меморандум жасасу  бойынша ұсыныс енгізілді. Ең алдымен, бұл сүт өнімдеріне қатысты.

ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары хабарлағандай, қазіргі уақытта түскі ас құны бір балаға 620 теңгеге дейін ұлғайып, 2023 жылға арналған бюджеттік өтінім дайындалуда. Бұл баға ресми көздерден алынған азық-түлік бағасына байланысты болды.

Кәсіпкерлер сондай-ақ "ЭЫДҰ" АҚ-мен заңды тұлғалар үшін тариф бойынша электрмен жабдықтауға шарттар жасасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, өйткені қазір жалға алушылар электр энергиясы үшін барлық шығындарды бюджеттік ұйымдар үшін ең жоғары тариф бойынша төлейді.  Бұл заңды тұлғаларға арналған тарифтен екі есе жоғары екен.

ШҚО білім басқармасы өкілінің айтуынша, аталмыш мәселе де бақылауда. Өскемен мектептерінің директорлары мен қалалық білім бөлімінің басшылығы бұл мәселеде "ЭЫДҰ"АҚ-мен белгілі бір уағдаластыққа қол жеткізіпті.

Жалпы, сараптамалық кеңестің мүшелері инфляциялық процестердің болжамсыздығы жағдайында индекстеуді қолдана отырып, мектеп оқушылары үшін ыстық тамақ бағасын есептеу әдістемесін өзгерту қажет деген пікірге келді. Өңірдің бизнес-қауымдастықтары өкілдерінен келіп түсетін барлық негізделген ұсыныстар нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен ҚР Бас прокуратурасына және бейінді министрліктерге жіберілетін болады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив