Өскемен
-13°
туман Штиль
455.65 489.96 6.36

Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады?

28.11.2022, 14:30 174 0 Оразай Жеңісұлы

– Сұрағым, мен бұрын Қылмыстық-атқару жүйесі саласында істегенмін, қазір зейнеттемін. Енді тағы да үйде отырмай, заңгер мамандығым бойынша өз саламда қызмет еткім келеді. Сұрағым, кімдер және қалай адвокат бола алады? Оған қандай талаптар қойылады және қандай құжаттар керек?

Самат Ерік,

Қ.Қайсенов кенті, Ұлан ауданы

 

Сауалға Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінің халыққа құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Айжан Нұртазина жауап береді.

– Адвокат – ол жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.

Адвокат болу үшін бірінші кезекте ШҚО Адвокаттар алқасында бір жылдық тағылымдамадан өту қажет.

Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгінуге тиіс. Қажетті құжаттар:

- жеке куәліктің көшірмесі;

- қосымшасы бар дипломның көшірмесі;

- еңбек кітапшасының көшірмесі;

- жеке парақ;

- фото 3х4 (2 дана);

- ОНД және ПНД анықтамалары;

- соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

- мекенжай анықтамасы;

- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

- төлем (айына 10 АЕК).

Оң нәтиже болған жағдайда үміткерлер ШҚО Әділет департаментінің аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өтеді.

Аттестаттаудан өту үшін қажетті құжаттар тізбесі:

- белгіленген нысандағы аттестаттауға жіберу туралы өтініш;

- белгіленген нысандағы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны.

Аттестаттауды сәтті тапсырғаннан кейін адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер лицензиарға, яғни лицензия алу үшін ҚР Әділет министрлігіне жүгінуі қажет.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив