KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

7 пайыздық несиенің шарттары белгілі болды

29.11.2022, 16:28 449 Оразай Жеңісұлы

Несие өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыруға арналған.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ шағын, орта және ірі кәсіпкерлік үшін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасының шарттарын жариялады.

Бағдарлама шеңберінде инвесторларға 250 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру мен кредит беру ұсынылады.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • лизингтік қаржыландыру/кредиттеу мерзімі – 3 жылдан 20 жылға дейін;
  • қаржыландыру валютасы – теңге;
  • жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 7%;
  • қаржыландыру сомасы – 3 млрд теңге және одан жоғары.

Несие бағдарламасы өңдеу өнеркәсібін әртараптандыруға, кәсіпкерлерді қолдау мен ынталандыруға және ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға бағытталған.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында шамамен 10 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив