KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

ШҚО: Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көмек көрсетілуде?

12.12.2022, 16:11 425 Ләззат Қанатқызы

Бүгінгі таңда ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі 27,6 мың адам тұрады.

Оның ішінде, 2,7 мың адам - I топ, 11,6 мың адам - II топ, ал III топқа - 10,5 мың адам жатады. Сондай-ақ 2,8 мың мүгедектігі бар балалар бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қайырғазинов Досхан айтып берді.

Спикердің айтуынша, облыста мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жақсарту 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде жүргізілетін көрінеді.

- Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы протездік-ортопедиялық көмектің - 90%; сурдотехникалық құралдардың - 91%; тифлотехникалық құралдардың - 92%; қозғалыс құралдарының - 90%; санаторий-курорттық емдеудің - 87,2%; жеке көмекші қызметінің - 99,8%; Ымдау тілі маманы қызметінің - 98% және міндетті гигиеналық құралдардың - 94% орындалды, - дейді Досхан Қайырғазыұлы.

Барлығы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаждардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың 92,5%-ы (барлығы 11901 өтініштің 11004-і) қамтамасыз етілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив