KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлері енгізіліп жатыр – ШҚО

шартты сурет

23.12.2022, 10:55 529 Оразай Жеңісұлы

Бес жыл ішінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен облыс бюджетінен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және медицина мекемелерінің жарақтандырылуын жақсартуға қомақты қаражат бөлінді.

Облыста туберкулезден, қан айналымы жүйесі ауруларынан және қатерлі ісіктен болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітім азайып келеді. Медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлері енгізіліп жатыр, нәтижесінде науқастар аз жарақат алады және тезірек оңалып, қатарға қосылуға мүмкіндік жоғары, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл облыстың медицина мекемелеріне тоғыз рентген аппараты, үш маммография аппараты, аудандық босандыру қызметтері үшін 143 және емханалар үшін 146 әртүрлі аспап, құрал сатып алынды. Үш жыл ішінде аудандық ауруханалар алты компьютерлік томография және 602 түрлі медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.

Облыстық онкологиялық орталықта енді онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау үшін ПЭТ-КТ зерттеуі жүргізілетін болады.

Тек орталық қана емес, сонымен қатар аудандардағы медицина мекемелеріне де ерекше назар аударылады. Биыл Катонқарағай және Зайсан аудандарындағы екі аудандық аурухананың босандыру бөлімшелері жоғары деңгейге ауыстырылды. Бұл аудандық клиникалардың дәрігерлеріне жүкті әйелдерді кейбір асқынулар түріне қарамастан облыс орталығына жібермей-ақ өздерінде босандыруға мүмкіндік береді. Келер жылы Тарбағатай және Күршім аудандарының аурухана бөлімшелері де жарақтандырылады.

Екі жыл ішінде ауылды жерлерде толық жабдықталған 36 медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады.

Онкогематология, кардиология, анестезиология-реаниматология саласындағы 36 маман Израиль, Германия, Ресей және Латвия елдерінің клиникаларында білімін жетілдіріп келді. Келер жылы тағы 23 дәрігер шетелге оқуға жіберіледі.

2025 жылға қарай Шығыс Қазақстанда гематология орталығы іске қосылады. Бұл салада Стэнфорд университетінің жетекші мамандарымен бірлесе қызмет ету көзделіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив