KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Әйелдердің зейнет жасын бала санына қарай төмендетуді ұсынды

12.01.2023, 20:00 460 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын бала санына қарай төмендету ұсынылды.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Депутат өмірге келген әр бала үшін әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуге жағдай жасалуы керек екенін алға тартып отыр.  Ол бұл сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдады.

Елімізде әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілген.

 «Статистика қарасақ, соңғы үш жылда әйелдер арасында өмір сұру ұзақтығы 77-ден 75,5 жасқа дейін, яғни 1,5 жылға азайған. Сондықтан еліміздегі әйелдер зейнет жасына ерте шыққаны дұрыс болар еді», - деді Аманжан Жамалов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, еліміздегі әр әйел орта есеппен үш баланы өмірге әкеледі. Осы кезеңде тиісті жарна аударылмағандықтан, олардың зейнетақысы да жоғары болмайды. Депутат әйелдердің зейнетке ерте шығуы түрінде жеңілдік жасалуы керек деген пікірде.

«Қазіргі кезде 53 жастан 5 және одан да көп бала туған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген көпбалалы аналар ғана зейнеткерлікке шығады. Менің ойымша, жоғарыда аталғанды ескере отырып, Үкімет баласы бар аналардың зейнетке шығу жасын азайту ұсынысын қарастыруы тиіс. Өмірге келген әр бала үшін зейнеткерлік жасты екі жылға азайтқан жөн. Алайда 10 жылдан аспайтын мерзімге төмендету керек. Осы орайда үш баласы бар әйел зейнетке 6 жыл ерте шыға алатын болады», - деді Аманжан Жамалов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив