KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Әлеуметтік кодекс түрлі мүмкіндіктерге жол ашпақ

Фото: "БЖЗҚ" АҚ

18.04.2023, 17:53 244 Дәурен Аллабергенұлы

2023 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік кодекс жобасын қабылдады (қолданысқа жылдың 1 шілдесінен бастап енгізу жоспарланған).

Соған сәйкес салымшыларға міндетті зейнетақы жинақтары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін жеткіліктілік шегіне қарамастан, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару құқығы берілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке зейнетақы шотында бар соманың көлеміне қарай аударуға болады. Бұл ретте мемлекет МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сақталуына тек ҚР Ұлттық банкі басқаруындағы бөлігі бойынша инфляция деңгейін ескере отырып кепілдік береді.

Ал МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының ИПБ басқаруына берілген бөлігінің сақталуына салымшы таңдаған ИПБ жауапты болады.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив