KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 1 триллион теңгеге өсті

Фото: ашық дереккөз

30.05.2023, 15:50 229

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтары 15,68 трлн теңгеге жетті.

Жыл басынан 1 мамырға дейінгі өсім 1 трлн теңге (6,9%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, зейнетақы жинақтарының көлемі 2,74 трлн теңгеге (немесе 21,1%) өсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Өсім жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс, сондай-ақ зейнетақы төлемдері түріндегі, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы –  тұрғын үй мен емделу, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және тағы басқа мақсаттағы шығыс ағындары есебінен қалыптасты, – деді «БЖЗҚ» АҚ ШҚО филиалының директоры Марат Сейітқалиев.

2023 жылдың 4 айында зейнетақы жарналарының сомасы 663,42 млрд теңге болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27% немесе 139,88 млрд теңгеге жоғары. Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: МЗЖ – 27%, МКЗЖ – 24%, ЕЗЖ – 73%.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив