KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Шығыс Қазақстанда 92 отбасы жаңа баспанаға ие болды

21.12.2021, 15:44 54

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандар ашылып, көпбалалыларға баспана кілттері табысталды.

Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында мереке күні концерттер, салтанатты жиналыстар өткізіліп, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады, спорттық жарыстар өтті. Одан өзге ауыл тұрғындары үшін маңызды бірқатар нысандар ашылып, халық игілігіне табысталды.

Айтулы күні Бесқарағай ауданындағы жастар ресурстық орталығында жаңа "жастар үйі" ашылды. Аталған орталық алдағы уақытта жастардың бастамаларын қолдау ордасына айналатын болады.

Ал Тарбағатай ауданындағы ауқымды істер мәдениет саласында жалғасын тапты. Мереке қарсаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген Ойшілік ауылындағы клубтың салтанатты ашылуы өтті. Оған "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы арқылы облыстық бюджеттен тиісті қаражаты бөлініп, ғимараттың шатыры, ішкі қабырғалары, төбелері жаңартылып, сахнасы кеңейтілген, дәлізіне кафель, көрермен залына линолеум төселіп, жылу жүйелері толығымен айырбасталып, сырты сайдингпен қапталған.

Сондай-ақ, Байтоғас ауылында шағын футбол алаңы ашылды.

Жарма ауданында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында Қарасу ауылында құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталған, көптен күткен жаңа су құбыры іске қосылды. Сондай-ақ, Глубокое кентінде бірнеше көпбалалы отбасы "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйлердің кілттеріне ие болды. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Сайлаубекұлы кілттерді көпбалалы 20 отбасына тапсырды. Тарбағатай, Ұлан, Аягөз, Катонқарағай аудандарында да жеңілдетілген тұрғын үйлер салынды. Осы аудандарда тұратын отбасылар да жаңа тұрғын үйдің кілтін алды. Сонымен қатар, Аягөз ауданы, Қараағаш ауылдық округінде Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде "Туған жер" жобасы аясында меценат қаражаты есебінен фельдшерлік-акушерлік пунктің ашылу салтанаты өтсе, Семейде ерекше балаларға арналған "Тең қоғам" орталығы ашылды. Бұл орталықта мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар заманауи құрал-жабдықтары бар кабинеттерге барып қана қоймай, түрлі бейінді мамандардың көмегіне жүгіне алады. Мұның бәрі толығымен тегін.

Ал Зайсан ауданындағы Шілікті ауылдық округіне қарасты Тасбастау ауылында жергілікті тұрғындардың демеушілігімен ауылдың кіре берісіне қақпа орнатылып, "Қазақ радиосы" қосылды.

Жалпы, Тұңғыш Президент күніне орай Шығыс Қазақстанда 85 іс-шара өткізіліп, 20-дан астам жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Ал жаңа тұрғын үйдің кілтін 92 отбасы алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив