Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

Облыс орталығында отбасы-пати ұйымдастырылды

12.09.2022, 11:57 1 0 Оразай Жеңісұлы

Мерейлі отбасы – ынтымақ пен бірліктің ордасы. Дана халқымыз қашанда қара шаңырақтың беріктігі тәлім-тәрбиеде деп ерекше мән берген. Демек, әр шаңырақтың аман-саулығы кемел келешекке бастайды.

Отбасы күні мерекесі қарсаңында облыстық балалар және жасөсірімдер кітапханасы «Татулықтың тірегі...» атты отбасы-пати ұйымдастырды.

Мерекелік шараға бағы мен берекесі асқан ерекше жанұялар қонақ болып қайтты. Атап айтсақ әр сөзі өнегеге толы Зүкеновтер әулеті, көпбалалы Жансаповтар, интерноцияналды жанұя Шабданбековтер мен жас отбасы Мухамадиевтер шақырылды.

Жайдары жүздесу, сырлы сұхбат барысында отбасылық құндылық тақырыбы сөз болып, жанұя мүшелері өзара әдеби шығарма үзінділерінен танымды тапсырма түрлерін бірлесе орындады.

Сондай-ақ «Сана» орталығының жетекшісі, психолог Камила Жайлыбайқызы өткізген «Бақытты отбасы» тренигіне де балаларымен белсене қатысты.

Жылы жүздесуде жанұялар көңілді ойындар ойнап ғана қоймай, әсем ән тыңдап, кітапхана қорындағы отбасылық тәлім-тәрбиеге арналған кітап көрмесін де тамашалады.

Кеш соңында бақытты жанұя үлгісіндей болған әр отбасыға алғыс хат пен сый-сияпаттар табысталып, кітапханамыздың жас қызметкері, суретші Төленді Исағұлқызы бейнелеген отбасылық портреттік суреттер сыйға тартылды.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив