KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Май №1. Өскемендегі 100 жылдық тарихы бар зауыттың ерекшелігі

3.12.2021, 11:11 167

 

100 жылдық тарихы бар май зауыттары елімізде кемде-кем шығар. Солардың бірі Өскемендегі «МАЙ» акционерлік қоғамы биыл ғасырлық межені бағындырып отыр. 1922 жылы құрылып, «№1 маркалы май» атауымен бүгінде Қазақстанның 25-30 пайыздан артық нарығын қамтып келеді.

Жалпы ШҚО өңірін күнбағыс майының отаны, деп жататындар бар. Әрине ол сөздің жаны бар. Себебі өсімдік майына қажет құнарлы топырақ , қоңыржай климат осы Алтай өңірінде. Бүгінде аймақтағы шаруа қожалықтары күнбағыс өсіруді мықтап қолға алған. Өнімді іске жарататын «МАЙ» АҚ сияқты алпауыт мекемелер тұрғанда, шаруалар да көктемде дәнді сенімді түрде егеді.

Біз зауытқа кіріп, «Маслозавод №1», «Забота», «Майское», «Кудесница» маркалы күнбағыс майларының қалай жасалатынын көзбен көріп шықтық. Аумағы ат шаптырым өндіріс орнының жаңартылған автопаркі, арнайы тартылған өз темір жол тұйығы да бар.

Өскеменнің маңайындағы аудандардан мұнда тәулігіне 300 тонна шикізат үздіксіз жеткізіліп тұрады. Осы 300 тонна көлеміндегі шекілдеуік дәні 48 сағаттың ішінде сапалы сұйық майға айналады. Зауыт тәулігіне 150 тонна дайын өнім береді. 700-ге тарта адам жұмыспен қамтылған.

Зауыттың бас инженері Азамат Мадияровтың айтуынша, барынша сапалы майға қол жеткізу үшін алқаптардан жинап әкелінген күнбағыс дәні бірнеше циклді терең тазалау процестерінен өтеді екен. Ол үшін адам факторы қателіктеріне жол бергізбеу үшін зауытқа Еуропаның соңғы заманауи техникалары орнатылған.

3c22d715-98fe-485e-8a1e-9335c9209c57.jpg

-Біз жақсы өнім алу үшін шаруа қожалықтарын да қаржыландырамыз. Ең бастысы – сапа. Сапаға жұмыс істегендіктен біздің өнім Қазақстандағы ең үздік және ең таза май болып саналады. Алдағы уақытта «МАЙ» АҚ өнімдері көршілес елдерге оның ішінде Өзбекстанға экспортталады, дейді Азамат Мадияров.

Зауыттың Қазақстанда көш бастап тұруына «Сбербанк» АҚ ЕБ үлесі зор. Аталмыш банктің несиелік қаржыландыруы арқасында өндіріс желісіне Италияның SIPA компаниясының заманауи қондырғысы орнатылды. Осының арқасында көлемі 1-5 литр аралығында полиэтилен ыдыс шығару қарқыны тәулігіне жүздеген мың бөтелкеге дейін артқан.

306629a9-1873-4815-b5b2-739679596bf0.jpg

«Сбербанк» АҚ ЕБ қаржыландыруы арқасында «Май» АҚ қалдықсыз өнімге қол жеткізе алатын арнайы қондырғыларды сатып алғанын да айта кетуіміз керек. Дәнді сығу арқылы май алу әдісінен кейін де қалдықтың құрамындағы пайдалы заттарды да кәдеге жаратуға болады.   Ол үшін әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялық «Desmet Balestra» (Бельгия) қондырғысы сатып алынған. Қалдықтан алынған өнім ары қарай фармацевтика және косметология өнімдеріне пайдаланылады. Қалдықтың өзін пайдағы жарату принциптері арқылы зауыт экология мәселесінің де шешімін тауып отыр.

Айта кету керек, «Сбербанк» АҚ ЕБ Қазақстандағы ірі зауыттар мен қатар шағын бизнес өкілдеріне де көмек беруін тоқтатқан емес, әсіресе соңғы жылдардағы пандемия жағдайында әлемдік экономиканың әлсіреп тұрған кезінде шағын бизнес өкілдеріне банктердің көмегі қажет-ақ.

«Сбербанк» АҚ ЕБ көмегінің арқасында 100 жылдық тарихы бар май өндіруші мекеме бүгінде зауыт технологиясын еуропалық деңгейімен теңестіріп алды деп айтуға болады. Бұл марканың Қазақстандағы №1 аталуы да сондықтан шығар.

7e0e6779-5bad-4819-8d85-56e9665da70a.jpg

-Біз «Май» акционерлік қоғамымен 2009 жылдан бері әріптестік жүргізіп келеміз. Бұл біздің ең сенімді серіктестеріміздің бірі. Біз тамақ өнеркәсібімен қатар, машина жасау, металлургия, туризм, сауда, қызмет көрсету салаларын қаржыландыруды күн тәртібінен түсірген емеспіз. Алдағы уақытта да шағын және бизнес орта өкілдеріне көмектесуге әрқашан дайынбыз, дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Өскемен қаласындағы филиалының директоры Ольга Федоренко.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив