KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Зайсандағы әуежайды қайта жаңғырту жоспарда бар - Даниал Ахметов

12.11.2021, 13:05 148
Аймақты дамытуда жол-көлік логистикасының сапалы болуы маңызды. Шығыс Қазақстанда республикалық, облыстық және аудандық маңызға ие автокөлік жолдарын дамытуға, сондай-ақ, елді мекендердегі көшелерді жөндеуге ағымдағы жылы 57,5 млрд. теңге бағытталған. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникация орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.
Биыл Өскемен мен Үржардағы әуежай алаңдары қайта жөндеуден өткізілді. Енді ғимараттарын да қайта жаңарту жоспарланып отыр. Аймақ басшысының айтуынша, Зайсан қаласындағы әуежай жұмысын да қайта жаңғырту жоспарда бар. 
Облыс орталығында қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Үш жыл ішінде, отандық кәсіпорындар шығарған және мүгедек адамдарға бейімделген 60 автобус сатып алынады. Қазан айынан алғашқы 13 автобус тұрғындарға қызмет көрсете бастады. 
- 2025 жылға дейінгі Инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша, жалпы инвестиция көлемі 218 млрд. теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Олар: Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Семей қаласында автокөлік көпірі, Өскемен және Семей қаласын айналып өтетін жолдар құрылысы, - дейді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, әкім республикалық, облыстық және аудандық маңызға ие автокөлік жолдарын дамытуға, сондай-ақ, елді мекендердегі көшелерді жөндеуге биыл 57,5 млрд. теңге бағытталғанын айтып өтті.
- Бір жылдың ішінде жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 85%-дан 89 пайызға өсті, - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив