KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Биыл кезекте тұрған 1250 отбасы баспаналы болады - ШҚО

12.11.2021, 13:01 140
Бүгінгі таңды облыста азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі басты назарда болып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атап айтқанда, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларды мектеп формасымен, аяқ киіммен қамтамасыз ету және тамақтандыру қарастырылған. Көп балалы ата-аналар мектепке дейінгі мекемелерге ақы төлеуден босатылған. Сонымен қатар, аталған санаттағы отбасы балалары үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде тамақ пен жатахана тегін.

- Ағымдағы жылы 115 көп балалы отбасы жеңіл шарттармен 248 млн. теңге шағын несиесін алды. Ал соңғы екі жылда,  оларға жалпы сомасы  803 млн. теңгені құрайтын, 239 шағын несие берілді, - деп атап өтті облыс әкімі Орталық коммуникация орталығында өтіп жатқан брифингте.

Айта кету керек, биылғы жылы көп балалы отбасыларға баспана берудің кезеңдік бағдарламасы аясында кезекте тұрған 1250 отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив