KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да 280 млрд. теңгеге 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынуда

12.11.2021, 12:57 255
Биылғы жылы облыс бойынша барлығы 280 млрд. теңгеге 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынуда. Оның ішінде 125% өсіммен 647 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Бұл туралы аймақ басшысы Орталық коммуникация орталығында өтіп жатқан брифингте айтты.
Қазір облыс көлемінде "Бір қабатты Шығыс" өңірлік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Аталған бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникациялар жүргізілуде.

Сондай-ақ ағымдағы жылы жеке инвесторлардың тұрғын үй салу қарқыны едәуір артқан.

- Бүгінгі таңда олар 15,4 млрд. теңгеге 744 бір қабатты үй салып жатыр. Жеке инвесторлар есебінен салынған 206 үйді сатып алу кезекте тұрған көп балалы аналар мен әлеуметтік осал отбасылар үшін тұрғын үй кезегін төмендетуге мүмкіндік береді, - деді Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив